Басты ақпаратБілім

Жайлы мектеп салу жоспарлануда

Талдыкөл айналасында құрылыс жұмысы жүріп жатқан жоқ. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Қала басшысы Талдыкөл маңындағы құрылыс жұмысына қатысты тағы да түсінік берді.

– Егер Талдыкөл маңындағы 5-жер учаскесі туралы айтып отырсаңыз, оның көл аумағына ешқандай қатысы жоқ, арасы бірнеше шақырым. Биыл қаңтарда желіде тараған видеоға келсек, бір ғана тұрғын үйдің құрылысы, бұл жерде тұрғын үйлер кешені салынбайды. Ол бойынша қажет жағдайда мәселені сот тәртібімен шешеміз, – деді Жеңіс Қасымбек.

Астана қаласы әкімінің айтуынша, Талдыкөл айналасында құрылыс жұмысы жүріп жатқан жоқ.

– Көлге жақын жерде жайлы мектеп салу жоспарлануда, бірақ бұл халықтың сұранысы бойынша болғалы тұр. Ал бұған дейін айтылған саябақ жобасы іске асады. Оған биыл бюджеттен қаржы бөлініп, мердігер ұйым белгіленді. Былтыр қарашада саябақ жобасына қатысты эко-белсенділерден қосымша ұсыныстар берілді, біз оларды қараймыз. Ellington тұрғын үй кешенінің 5-учаскеге қатысы жоқ. Көл жағалауына тұрғын үй кешені салынып жатқан жоқ, құрылыс жұмысы тоқтатылды, – деді шаһар басшысы.

Тағыда

Гүлбаршын Өкешқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button