Жаңалықтар

Жаңа бас имам тағайындалды



Қазақстан мұсылмандары діни басқар­масының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Астана қаласы «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы және Астана қаласы бойынша өкіл имам қызметіне Наурызбай Тағанұлы Өтпенов тағайындалды.

Наурызбай Өтпенов 1977 жы­лы туған. Ол 1993-1997 жылдар ара­­лығында Ташкенттегі әйгілі «имам әл-Бұхари» атын­дағы Ис­лам ин­ститутында ілім алған. 1999-2001 жылдары ҚМДБ жанындағы екі жылдық Ислам ин­сти­­тутында бі­лімін жетілдір­ді. Ол – Абай атын­­дағы Қазақ ұлт­тық пе­да­го­ги­калық уни­вер­­си­­тетінің ма­гис­трі, дін­танушы, осы оқу орын­ның тарих факуль­тетінің түлегі.2006-2011 жылдарда ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойын­ша өкіл имамы қызметіне та­ғайын­далды. Мемлекеттік ме­ке­­­мелерде де жұмыс істеді. Бір­не­ше жылдар бойы дін сала­сында ең­бек­тер жазып, к­ітаптары жа­рық көрді.
2013 жылдың 3 сәуірінен күні кешеге дейін «Нұр Астана» орта­лық мешітінің бірінші наиб имамы қызметін атқарып келді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button