Қоғам

Жас мамандармен тәжірибе бөлісті

Астана қаласындағы №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінде жуырда мектепішілік оқу-тәрбие жоспары, мектепішілік бақылау жоспары бойынша тәжірибелі ұстаздардың жаңадан келген жас мамандарға тәжірибе бөлісу мақсатында «Әдістемелік шеберхана» күндері өткізілді.

Педагогикалық тәжірибе – біршама уақытта қажырлы еңбекпен, мұғалімнің кәсіби шеберлігімен келетін оқыту, білім беру және тәрбиелеу барысында шыңдалатын үдеріс. Жас маманмен жұмыс – жас маманның кәсіби және тұлғалық дамуының қайнар көзі болғандықтан, білім беру үдерісіндегі маңызды жұмыстың бірі. Білім беруде нәтижеге жету оңай емес. Білім беру міндеті білім сапасын көтеруді мақсат етіп қояды. Педагог алға қойған мақсатқа жету үшін үнемі шығармашылықпен жұмыс істеп, педагогикалық құзыретін дамытып отыруы қажет.

Мектептерде өз пәнін оқу­шыларға терең оқытып, шығармашылықпен қызмет етіп жүрген ұстаздарымыз бастауыш сынып мұғалімі Гүлжахан Қадырбаева қазақ тілі пәнінен, Жанар Абдулла химия пәнінен, Райхан Нұрлыбекова физика пәнінен, Еркебұлан Сүлейменов тарих пәнінен, Дарын Тілеуғалиұлы ағылшын тілі пәнінен, Айгүл Ғалымжанқызы математика пәнінен әдістемелік күндер аясында тағылымы мол әдіс-тәсілдерді іскер пайдаланған сабақтар өткізді.

Жас мамандар бірге қызмет етіп жүрген әріптестерінен оқытудың жаңаша әдіс-тәсілін сабақта қолдануды, оқу үрдісінде критериалды бағалауды жүзеге асыру, оқушылардың функционалдық сауатын дамыту, АКТ ресурсын қолдануды үйреніп, әдістемелік көмек алды. Мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу жүргізіліп, сабақтар талданып, кері байланыс жасалды.

Әдістемелік орталық басшысы Сындар Дәуешова, бөлім әдіскерлері Жұмағали Измаханұлы, Қанымай Өзбек­байқызы, Раушан Ратқызы да әдістемелік шеберханаға келіп қатысып, мұғалімдерге пікірін, ұсынысын, жақсы тілегін білдірді.

Осындай құнды, практикалық әдістемелік іс-шараны ұйымдастырған мектеп әкімшілігі, директордың міндетін атқарушы Ләззат Есенова, оқу жұмысы бойынша директор орынбасарлары Шәмшібану Дюсенова, Шынар Ерназар алдағы уақытта бұл шараның жалғасы, кері байланысы болатынын айтып, жаңа идеяларын ұсынды.

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button