Елорда тынысы

Жас робототехниктер бақ сынаспақ

Ертең Астанада робототехникадан Орталық Азиядағы ең ірі чемпионат басталады, – деп хабарлайды astana-akshamy.kz

23-25 ақпан күндері Əл – Фараби атындағы Оқушылар сарайында. əлемнің 5 елінен 3000-нан астам қатысушыны қабылдайтын Central Asia FIRST Championship ресми чемпионаты басталады. Оған Орталық Азия елдерінен басқа, Гонконг пен БАƏ мықты робототехниктері қатыспақ. Жалпы чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпіріндегі іріктеу чемпионаттары барысында квота алған 200-ден астам команда келеді.

Чемпионат Дүниежүзілік FIRST бағдарламасы аясында үш жас санатында өтеді: FLL Explore (6-10 жас), FLL Challenge (10-16 жас) жəне FIRST Tech Challenge (12-18 жас). Чемпионатқа Роботтар ойынынан басқа инновациялық жобалар байқауы мен төрешілер сессиялары кіреді.

Орталық Азия чемпионатының негізгі ұйымдастырушылары Астана қаласы əкімдігінің жəне ҚР Оқу-Ағарту Министрлігінің қолдауымен Астана қаласының Білім басқармасы, USTEM Foundation ҚҚ жəне «Дарын» РҒПО болып табылады.
«Орталық Азия чемпионатына біздің балалар алты ай бойы табандылықпен дайындалды, іріктеу чемпионаттарына қатысты, өз өңірлерінде белсенді ағартушылық қызмет жүргізді. Біздің əлеуметтік желілердегі командаларға арналған байқауымыз ерекше назар аударуға тұрарлық, онда балалар маусым бойы тапсырмаларды орындап, оларды #FIRSTINSHOWKZ хэштегімен жариялайды. Қазір бұл хэштег бойынша 1000-нан астам жазба тіркелген жəне біз FIRST қозғалысы балаларды шынымен жігерлендіріп, елімізге мектеп қабырғасынан бастап жас инженерлер мен инноваторлардың мықты қауымдастығын құруға көмектесетініне қуаныштымыз! Биылғы жылы Орталық Азия чемпионаты ерекше мəртебеге ие болуда – біз 5-тен астам ел күтеміз», – деді USTEM Foundation қорының басшысы Асылбек Мурзахметов.

Естеріңізге сала кетсек, FIRST чемпионаттары жыл сайын əртүрлі тақырыптарда өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл командаларды білімге құштар қалпында ұстауға жəне олардың жаңа бағыттарға деген қызығушылығын дамытуға мүмкіндік береді. Биылғы маусым өнер тақырыбы аясында құралған, ал жеңімпаздар бағалы сыйлықтар – АҚШ, Австралия, Сингапурдағы халықаралық жарыстарға қатысуға лицензиялар жəне қазақстандық жəне шетелдік жоғары оқу орындарына гранттар ала алады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button