Елорда тынысы

Астанада 2 жарым мыңнан астам волонтер бар

Бүгін ҚР СІМ «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі мен Ұлттық волонтерлер желісі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Осылайша олар серіктестік пен бірлестікті нығайтуға деген ұмтылысын ресми түрде растады.
KazAID Орталық Азияны дамытуға ресми көмек көрсетуге бағытталған түрлі жобаларға волонтерлердің қатысуына мүдделі. Серіктес елдерде денсаулық сақтау, білім беру және қоршаған ортаны қорғау сияқты салаларда гуманитарлық көмек көрсетуде және әлеуметтік бағытталған бастамаларды қолдауда волонтерлердің қатысуы шешуші рөл атқарады.
2010 жылы құрылған Ұлттық волонтерлер желісі – бұл елдің түкпір-түкпірінен келген волонтерлерді біріктіретін маңызды платформа.
Қазақстанда жыл сайын республика бойынша волонтерлік жобаларға 30 мыңнан астам адам қатысады, ал Астана қаласында олардың саны 2 500 адамнан асады. Волонтерлердің орташа жасы шамамен 35 жасты құрайды. Біз «KazAID» пен Ұлттық волонтерлік желінің бірлескен күш-жігері Қазақстанның даму мақсатында серіктес елдермен ынтымақтастығын қоғамдық дамытуға және нығайтуға елеулі үлес қосатынына сенімдіміз.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 2026 жылды Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялады. Бұл бастаманы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы БҰҰ трибунасынан жариялады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button