Елорда тынысы

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шараларының барысы туралы Астана қаласы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының м.а. Әділбеков Ержан Бақытұлының қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Елордада 5-29 ақпан аралығында жол-көлік оқиғасы деңгейін тұрақтандыру және жол қауіпсіздігін нығайту мақсатында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Жол қозғалысын қадағалауды қамтамасыз ету барысында жол көлік оқиғасы жағдайына әсер ететін Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуға және жаяу жүргіншілермен жұмыс істеуге ерекше назар аударылады. Жүргізілген ЖПІШ нәтижесінде 11 890-ға жуық жол қозғалысы ережелері бұзылған. Жасалған құқық бұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету және салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың тиімділігін арттыру мақсатында заңнамалық шаралар қабылдана отырып, «Қорғау» қосымшасы арқылы берешегі бар жүргізушілер анықталуда. ЖПІШ нәтижесі бойынша 558 жүргізушіге әкімшілік құқық бұзушылыққа байланысты берешектері туралы ескерту жасалып, 80 автокөлік коммуналдық тұраққа орналастырылған.

«Қауіпсіз жол» ЖПІШ аясында 2024 жылдың 15 ақпанынан 1 наурызына дейін «Сенің жолаушың – бала!» акциясы өтуде. Көлік жүргізушілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіретін буклеттер таратылып, 45-ке жуық ата-анамен кездесулер мен әңгімелесулер өткізілген. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 23 ақпанында елордалық №79 мектеп-лицейде 7-сынып оқушылары арасында «Көңілді старттар» іс-шарасын өткізу жоспарлануда, оның барысында командалар жолда өзін-өзі ұстау ережелері, жаяу жүргіншілер мен көлік құралдардағы жолаушыларының негізгі құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін көрсетеді.

Бүгінде елордада 420 мыңға жуық көлік тіркелген, оған қоса күн сайын қалаға жақын маңдағы елді мекендерден 130 мыңға дейін көлік кіреді. Кейінгі уақытта қоғамдық көлік қозғалысының қарқындылығы байқалады, маршруттық автобустардың саны бүгінгі таңда 1 364 бірліктен асады, жолаушылар тасымалы 570 мың адамға дейін жетеді.

Жұма күндері, қарбалас уақытта, жаяу жүргіншілермен соқтығысуға бейім жерлерде жұмыс істеу үшін жаяу жасақтар орналастыру қарастырылған. Бүгінде жолдарға 300 жол қиылысы мен 400 желілік учаскені қамтитын 6 мың бейнекамера орнатылған. Жыл басынан бері олар 17 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзу фактісін анықтаған. Автокөлік патрульдері үшін «Ekin Patrol G2» зияткерлік кешендерін жеткізу жүзеге асырылды. 224 білім беру нысанына, оның ішінде мектеп, балабақша және басқа да балалар мекемелеріне іргелес жатқан жолдарға тексеру жүргізіліп, 483 ұйғарым берілді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button