Жаңалықтар

Жас сарбаз – тәуелсіздік тірегі



Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 30 қыркүйек пен 2 қазан аралығында елордамыздағы жалпы орта білім беретін мекемелерінің оқушылары – «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің үздік тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Жас сарбаз – Тәуелсіздік тірегі» күзгі әскери-патриоттық ойындары басталды.

[smartslider3 slider=684]

«Жас cарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ елордалық филиалы ұйымдастырған бұл іс-шара Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, «Астана жастары» КММ, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы және Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері департаментінің қолдауымен жүргізіліп отыр. Әдеттегідей, әскери бөлімдердің базасында кезектесіп жүргізілетін жарыстар бұл жолы қаламыздағы Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің аумағында өтуде. Салтанатты ашылу рәсімі 5573 әскери бөлімі әскери ансамблі концертімен басталды. Оқушыларға әскери қару-жарақтар мен техниканың түрлері, сарбаздардың тұрмыс-тіршілігі мен орындайтын тапсырмалары, қоян-қолтық ұрыс пен жекпе-жек тәсілдері көрсетілді. Жас сарбаздар командалары белтемірге тартылу, автоматты бөлшектеу, химиялық қарудан қорғаныш костюмін кию, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша нормативтивтерді орындаудан күш сынасты.
«Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат НАЛШЫБЕК:
– Іс-шарамыз тәрбиеленушілеріміз үшін күзгі мезгілдегі әскери қолданбалы спорттық жарыстардың ішіндегі асыға күтетін және үздік «Жас сарбаздықтар» анықталатын ерекше платформа болып есептеледі. Жүзден жүйрік шыққан жасөспірімдер Республикалық VII «Айбын» әскери-патриоттық жиындарында елордамыздың намысын қорғайды, – деді.
Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері департаментінің бастығы Мұрат БЕРЕКПОЛОВ:
– Іс-шаралар сантирарлық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізілуде. Бүгінгі жарыстағы жасөспірімдер – ертең ел тыныштығын қорғайтын азаматтар. Осы себепті әскери-патриоттық тәлім-тәрбие берудің әрқашанда жастар тәрбиесінде алар орыны зор! – деп ой түйіндеді. Сондай-ақ өз сөзінде әр адамның өміріне қажетті қасиеттер туралы айтты.
https://youtu.be/_-b29sMulvs


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button