Шаһар шежіресі

Жасанды тіс зертханасы



Целиноград қаласында жасы ұлғайған жандардың тісін емдетіп, жасанды тіс ­(протез) салдыру мәселесі өткен ғасырдың 70-жылдарында жақсы жолға ­қойылғанын мына суреттен-ақ анық байқауға болады.

Бұл сурет 1976 жылдың қазан айында түсірілген. Байырғы қала тұрғындарының айтуынша, Дружба көшесінің бойындағы осы зертхана ол кезде тіс емдеп, жеңілдікпен жасанды тіс салатын шаһардағы жалғыз мекеме болған. Әрі мұнда жұртшылыққа кеңінен танымал тіс дәрігерлері ­Израиль Моисеевич Швац пен Екатерина Ивановна Шадрина жұмыс істейтін.

Суретте зертхананың тіс техник­тері Г.М.Ахметова, Л.Н.Данилова, ­Г.Мартынов, С.Юрасова жұмыс үстінде.

Қазір заман өзгерді. Қалада жеке­меншік тіс емханалары көбейді. Алайда жасанды тіс салу құнын кез келген зейнеткердің қалтасы көтере алмауы мүмкін.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button