Шаһар шежіресі

Жеңімпаз құрылыс бригадасы

Тың төсіндегі Целиноград қаласының өркендеп, өсуіне сол кездегі үй құрылысы ­комбинаты құрылысшыларының қосқан еңбегі зор болатын. Әсіресе олар 1980-1981 жылдары жемісті еңбектеніп, мыңдаған шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беріпті.

Халық құрметіне бөленген осы бір абыройлы істе Н.А.Семенчуктің бригадасы үздік танылып, социалистік жарыстың жеңімпазы атанған.

1981 жылдың сәуір айында түсірілген мына суретте бригада жетекшісі Н.Семенчук монтажшы В.Шевченко, ағаш шебері С.Ильин, жүк краны жүргізушілері А.Сафов, О.Звеньевой, В.Сухаренко, тас қалаушы В.Ниченко, электрмен дәнекерлеуші А.Жигулин, С.Никифоровпен жұмыс барысын талқылап тұрған сәті.

Бүгінде шаһар елдің бас қаласына айналып, жыл сайын сәулет өнерінің үздік үлгісіндегі зәулім ғимараттар салынуда.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button