Басты ақпарат

Жауынгерлік өнер фестивалі

Қазақстан Республикасының жауынгерлік өнер ассоциациясының ұйымдастыруымен жаңадан ашылған Jekpe-Jek спорт сарайында елорда күніне және Жастар жылына орай жауынгерлік өнер фестивалі өтті.

Шараның ашылуына Президент Қасым-Жомарт То­қаев қатысты. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова фестивальге қатысқан қонақтарды Қала күнімен және жаңа сарайдың ашылуымен құттықтап, жауынгерлік өнер фестивалінің ойдағыдай өтуіне тілектестік білдірді.
Шараға GAISF (Global Association of International Sports Federations) президенті доктор Рафаэле Кьюлли де келіп, спорт шеберлерінің өнерін тамашалады. «Қазақстан 2021 жылы Дүниежүзілік жауынгерлік ойын­дарын қабылдайды. Бұл – спорттық әлеуетті көрсетуге берілген үлкен мүмкіндік» деді ол сөз кезегінде.
Жас жеткіншектерге салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен шара аясында кәсіби және әуесқой жекпе-жектер ұйымдасты­рылды. Олардың ішінде каратэ, тхэквондо, ММА, грэпплинг және басқа жекпе-жек түрлері бар. Таиланд елінен арнайы келген спортшылар да көрермендерді өз елінің ұлттық спортынан көзайым етті.


Қазақстанның жауынгерлік өнер ассоциациясы 2018 жылы Елбасының қолдауымен құрылған болатын. Қазір оның құрамында 20-дан аса федерация, 200 мыңнан аса спортшы бар. Биыл 7 мамырдан бастап республиканың 16 өңірінде жауынгерлік өнер фестивалі өткізіліп, сол шараның қорытындысы Қала күніне орай елордада өтіп отыр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button