Жаңалықтар

Жас жұбайлар некелесті

Қала күні қарсаңында қала әкімшілігінің ұйымдас­тыруымен қалалық АХАЖ бөлімі елордалық 40-қа жуық жұптың салтанатты неке қию рәсімін өткізді.

Басына шаңырақ көтеріп, бауырына қазан асқысы келетін жас жұбайлардың неке қиятын күнін әдетте ерекше есте қалатын маңызды күндерге туралайтыны белгілі. Нұр-Сұлтан жастары үшін сондай маңызды күндердің бірі Қала күні десек, биыл да бұл күнде неке қиғызған жастардың қуанышында шек жоқ. «Неке қию күнімізді әдейі Қала күніне тураладық. Себебі біз елорданың төл құрдастары болғандықтан, өмірдегі ұмытылмас сәтімізді де осы күнмен байланыстырғымыз келді» деді
Мәдияр мен Таңшолпан өз қуаныш­тарымен бөлісіп. Қала әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткен бұл шарада күміс көмей әншілер мен алтын саусақ күйшілер ән мен күйден шашу шашып, салтанатты шараның сәнін асырды.
Айта кетейік, Қала күні құрметіне арналған салтанатты неке қию рәсімі елордада 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Содан бері осы іс-шара аясында 400 жас жұбайдың некесі қиылып, олардың ақ махаббаттарының куәсі болған 900-ден астам сәби дүниеге келді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button