Жаңалықтар

ЖЕЛПІНТТІ ҚАМКӨҢІЛДІ САЗБЕН ТЕРБЕП



3Астана қалалық Қарттар үйінде мерекелік концерт өтті.

Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан халқы ассамблеясы ұйымдастырған шараны қариялар қуанышпен қарсы алды. Олар «Дуслык» татар-башқұрт ансамблінің, «Беларусь» мәдени орталығының әншісі Иван Ладыгиннің және «Алеф» еврей мәдени қоғамдастығының скрипкашысы Мұсахан Тұрынтаевтың өнерлеріне тәнті болды. Сондай-ақ, «Ватра» украин қоғамдастығының, «Вайнах» шешен-ингуш ансамбльдері мен «Қырғыз-Астана» қоғамдық ұйымдарының талантты да дарынды өнерпаздары қарияларды риза қылды.

Нұргүл Мәлтік

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button