Мәдениет

Жеңімпаздар рухы

2022 жылы халықаралық байрақты бәсекелерде табысты өнер көрсеткен спортшыларға «Жеңімпаз рухы» ұлттық спорт сыйлығы табысталды.

– Биыл Елена Рыбакина әйелдер арасындағы уимблдон жарысының жеңімпазы атанып, жылды табысты бастады. Жақында өткен жасөспірімдер арасында үстел теннисінен әлем чемпионатында қазақстандық Алан Құрманғалиев бірінші орынға ие болды. Бұл да үлкен жетістік. XIII қысқы паралимпиада ойындарында пара биатлоннан түрегеп сырғанаудан Александр Герлиц қола медаль алды. Бұған дейін мұндай жетістік болмаған еді, – деді Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев.

Салтанатты шарада спортшылар, бапкерлер және журналистер марапат биігіне шығарылды. Барлығы 14 номинация бойынша 20 үміткерге сыйлық бұйырды.

«Жазғы спорт түрлерінен жылдың үздік спортшысы» – Жамила Бақбергенова.

«Қысқы спорт түрлерінен жылдың үздік спортшысы» – Александр Герлиц.

«Жазғы спорт түрлерінен жылдың үздік жаттықтырушысы» – Нұрсұлтан Теміров.

«Қысқы спорт түрлерінен жылдың үздік жаттықтырушысы» – Антон Жданович.

«Үздік спорттық өңір» – Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Темірхан Абылаев.

«Жылдың үздік спорт ұйымы» – Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы.

«Жылдың үздік спорт федерациясы» – «Ұлттық конькишілер федерациясы» атқарушы директоры Олжас Бесбаев.

«Жылдың үздік ауыл жаттықтырушысы» – Дастан Балабеков.

«Жылдың үздік балалар жаттықтырушысы» – Самат Сапишев.

«Дене шынықтыру және спорт саласындағы үздік маман» – Ирина Новикова, Елена Галиц.

«Ел үміті» – Алан Құрманғалиев, Евгений Федоров, Мария Бровкова.

«Спорттағы үздік серпін» – Елена Рыбакина.

«Ауылдық жердегі үздік дене шынықтыру және спорт әдіскері» – Бекжан Адамбеков.

«Жылдың үздік меценаты» – Қайырбек Хамзин.

«Спорттық ойын түрлері бойынша жылдың үздік командасы» – «Қуаныш» волейбол клубы.

«Үздік спорттық жарияланым» – Бек Төлеуов.

«Үздік спорттық телевизиялық репортаж» – Аслан Қаженов.

«Үздік спорттық фоторепортаж» – Ғалым Сүлеймен.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button