Қала мен Сала

«Ататүрік» саябағы өзгереді

Астана қаласының Байқоңыр ауданындағы ең үлкен саябақ – 2004 жылы салынған «Ататүрік» саябағы. Ол Қараөткел көпірінің жағасында орналасқан.

Ауданы 6,5 гектар жерді алып жатқан саябақта жасыл желектің көптеген түрі бар. Өткен жылы ойын алаңдары мен воркаут аймағы, коньки алаңы, сондай-ақ тұрғындардың тілегін ескере отырып, йога алаңы салынып, веложол жабдықталды.

Жақында жалпы ауданы 17000 шаршы метрден асатын ескі төсеніш ауыстырылып, саябақ аумағы абаттандырылды. Сондай-ақ бұрын тұрған «Аркадағы мебиус» құрылымы қайта жандандырылып, жарықтандыру жұмысы жүргізілді.

«Ататүрік» саябағы өзінің жайлы және «жасыл» атмосферасымен танымал. Бүгінде мұнда саябақтың басты шыршасының айналасында әткеншектер мен орындықтары бар шатырдың астында жаңа балалар ойын алаңы пайда болды. Сонымен қатар XIII ғасырдағы түрік ақыны, түрік поэзиясының негізін қалаушы және сопылық ілімнің өкілі Юнус Эмреге арнап ескерткіш орнатылған. Оның түрік әдебиетіне қосқан үлесі өте ауқымды.

Саябақта күзде гүлдейтін ағаштар да бар, қала тұрғындары осы жерге келіп уақыт өткізіп, тыныш демала алады.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button