Шаһар шежіресі

Сәбиін серуендеткен ана

Бұл сурет 1959 жылы қыс айларының бірінде Ақмола қаласында түсіріліпті. Шағын бесікарбаға сәбиін құндақтаған ана қыстың көзі қырауда қала көшесімен серуендеп келе жатыр.

Байырғы шаһар тұрғындарының айтуынша, мұндай шағын портативті бесікарба мұндай кезде ілуде бір кездесетін болған.

«Таза ауада сейіл құрған аналар перзенттерін көбіне қолдарына ұстап немесе шанамен қыдыртып жүретін» дейді олар.

Ал бүгінде заман өзгерді. Бесікарбаның неше түрі бар. Қазір қала тұрғындары нәрестелерін тұрғын үйлердің арнайы жабдықталған аулаларында немесе саябақтарда қыдыртады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button