Мәдениет

Кітапханашы – керек мамандық

Руханият бесігі саналатын кітапхана ісін дамытуда кітапханашыларға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Сондықтан кітапханашылар жан-жақты болғаны дұрыс. Ендігі уақытта кітапханашы мамандығында оқитындар жаңа саланы игеріп шығады.

«Кітапханашылардың жалақысын өсірумен қатар аталған мамандыққа жаңа мазмұн беру керек деп ойлаймыз. Кітапханашы тек кітап қорын түгендеп, оны оқырманға тауып беретін ғана емес, жан-жақты болуы керек. Мысалы, кітап іздеп келген балалар мен жастарға бағыт-бағдар бере алуы тиіс. Сонымен қатар IT-мамандарды да кітапхана саласына тарту маңызды» деп мәлімдеді Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова Amanat партия­сы алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Халық қалаулысының айтуынша, отандық кітапхана саласы мемлекеттік қолдау мен ілгерілетуді керек етеді.

«Елімізде алдағы уақытта кітапханашы мамандығына тапшылық туындайтынын ескере отырып, біз грантты 30 пайызға арттыруды сұрадық. Бұл мәселе биылғы оқу жылында шешілді. Талдау нәтижесі көрсеткендей, алдағы 3 жылда 6200 кітапханашы тапшы болады. Келесі мәселе – кітапханашы-педагог немесе педагог-кітапханашы деген мамандық ашу. Бұған қатысты министрліктен қарастырып жатырмыз деген жауап келді» дейді депутат.

Брифингте кітапханашы мамандығына бөлінетін мемлекеттік гранттың толық игерілмей қалатыны белгілі болды.

«Бүгінде елімізде 120 жоғары оқу орны бар. Оның ішінде 14-і – әскери және арнайы оқу орындары. Кітапханашы-­педагог мамандығы бойынша реестрден өткіздік. Аталған жаңашылдықты биылдан бастап жүзеге асырайын деп отырмыз. Кітапханашы мамандығына биыл бакалавриатқа 100 грант, ал ма­гистратураға 20 және докторантураға 3 грант бөлінді» деді Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары білімнен кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Баным Нарбекова.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button