Мәдениет

Пара-хоккейшілер ерлігі

2022 жылы пара-хоккейден Таиланд астанасы Бангкокте өткен әлем чемпионатына Қазақстан командасы қатысқан-ды. Осы хоккей ұжымы туралы қысқаметражды фильм «Qazaqstan» жеңілатлетикалық спорт кешенінде таныстырылды.

Әлем чемпионатындағы алғашқы шайбаны Таиланд қақпасына капитан Қуат Кәріпбаев соқты.

– Әлем чемпионатында Таиланд қақпасына соққан алғашқы шайбамнан алған әсерім керемет. Байрақты бәсекеге қатысу үшін шананы өз қолымызбен жасап апардық. Тәжірибеміз аз болса да азулы қарсыластармен деңгейлес ойнадық. Демеушілердің қолдауымен Канаданың зауытынан шыққан шана алдық. Күзде өтетін чемпионатта табысты өнер көрсету үшін тер төгудеміз, – деді пара-хоккейден Қазақстан құрамасының капитаны Қ.Кәріпбаев.

Мүгедектігі бар адамдарға арналған спорттық даярлау орталығының директоры Мейрамбек Махамбетов, ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин, «Бейбарыс» хоккей клубының президенті Болат Бушанов арнайы қатысты.

Қазан айында Қазақстан құрамасы В дивизионының ойындарын Астана қаласында қабылдайды. Қарсыласы – Швеция, Словакия, Жапония және Ұлыбританияның құрама командасы.

– Бүгінгі қысқаметражды фильмді Қазақстан ұлттық құрамасына кіретін пара-хоккейшілердің өздері түсірді. Алматыдан қалай кеткені, Таиландтағы әсері, әр ойынды қалай өткізгені, лицензия алған сәттегі көңіл-күйі және тағы басқасы көрініс тапты.

Бұл – пара-хоккейдегі тарихи жетістік. Неге? Себебі, 2021 жылы ғана құрылған пара-хоккей құрамасы әлем чемпионатының С дивизионында ойнап қана қоймай, В лигасына көтеріледі деп кім ойлады?! Оның үстіне Қазақстан командасының мүшелері Астана қаласын құралды, – деді Қайрат Сабиров.

Жалпы, құрамада 17 пара-хоккейші бар. Ең жасы – 18-де, ең егдесі – 53 жаста. Көрсетілімнен кейін пара-хоккейшілер әлем чемпионатына дайындық ретінде Ресейдің Тула облысынан келген «Михайлов академиясы» клубымен шеберлік алмасты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button