Қала мен Сала

Салық төлеуге салғырт қарама!

«Хан Шатыр» сауда, ойын-­сауық орталығында қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің ұйымдас­тыруымен «Салықтар туралы сұра!» науқаны өтті.

«Аталмыш акция салық салу мәселесінде халықтың салықтық сауатын арттыру, сондай-ақ «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жеке және заңды тұлғаларға көмек көрсетуге бағытталды» деді өз сөзінде Астана қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы Алмагүл Надарханова.

Азаматтардың көлік, жер және мүлік салығы бойынша берешекті тексеру рәсімі, сондай-ақ, жалпыға бірдей декларациялау, кәсіпкерлердің қызметін тіркеу және тоқтату, арнайы салық режимін қолдану, бөлшек салық бойынша өзгерістер, POS-терминалдарды қолдану, eSalyq Azamat, eSalyq Business мобильді қосымшаларын пайдалану секілді мәселелер бойын­ша ақпарат айтылды. Іс-шараға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жан-жақты жауап алды. Алғаш рет өткізілген науқанға 300-ге жуық азамат қатысты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button