Елорда тынысы

Өңірлік өнімдер өтімді

Елордада ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өңірлік жәрмеңкесі жалғасуда. Өткен демалыста Павлодар облысының диқандары өз өнімдерімен астаналықтарды риза етті.

Бұл жолы Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары мен 10 аудан, 100 ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынды. 520 тоннадай ауылшаруашылық өнімдерінің басым бөлігі жергілікті шаруалардың өндіретін ет, сүт, көкөніс өнімдері екен.

Әдеттегідей, жәрмеңкеге қаланың жүздеген тұрғындары мен қонақтары келіп сауда жасады. Сапалы табиғи өнімдердің бағасы нарықтық бағадан төмен болғаны да астаналықтар үшін тиімді болып отыр. Қысқа дайындықты ерте бастап, азық-түлік қорын толықтыруға ел өңірлерінен келетін азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі жәрдемін тигізді деуге болады. Өңірлер де өзіндік тауарларын тарту етіп, брендін қалыптастыруда жәрмеңке – таптырмайтын тамаша мүмкіндік.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button