Мәдениет

101 жыл –10,1 шақырым

Биыл 5 тамызда екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, шабуылдаушы-ұшқыш Талғат Бигелдиновтің туғанына 101 жыл толады. Осы датаға орай Астана қаласы әкімдігінің және ҚР Қорғаныс министрлігінің қолдауымен «Atamnyn amanaty» қоғамдық ұйымы даңқты жерлесіміздің құрметіне 19 тамыз күні Астана қаласының Триатлон паркінде «101 жыл – 10,1 шақырым» атты марафон өткізуді жоспарлап отыр.

Оған кәсіби марафоншылармен бірге әуесқой спортшылар да қатыса алады. Себебі ең ұзақ қашықтықтан бөлек әуесқойларға арналған 4 шақырым қашықтық пен қатысушылардың жас шамалары да ескерілген.

Жарыс басталмай тұрып ҚР Қарулы күштері жауынгерлері асқақтата ту көтеріп, Триатлон паркі арқылы бір айналымды жүгіріп өтеді. ҚР Әскер-әуе күштерінің 25 жылдығы батыр­дың туған күнімен тұспа-тұс келіп, биыл Қазақстан әскери ұшқыштары қос мерекені тойлағалы отыр.

Ұйымдастырылып отырған «101 жыл – 10,1 шақырым» марафоны отансүйгіштік мәні зор игі шара болатынына әрі оған көпшіліктің бар ынтасымен қатысатынына сенімдіміз. Бұл даңқты қазақ батырына ғана емес, Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан, хабарсыз кеткен әрбір боздаққа көрсетілген құрмет екені даусыз.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button