Елорда тынысы

Жайқалар жасыл желегі

Астананың әр ауданында бір миллионға жуық көшет отырғызылады. Соңғы бес жылда қала бойынша 1000-нан астам жоба іске асырылды, оның ішінде 181 қоғамдық кеңістік пен 873 аула аумағы абаттандырылды.

Биыл елорданың барлық ауданында 165-тен астам қоғамдық кеңістік және аула аумағын абаттандыру жүріп жатыр. Абаттандыру кезінде көгалдандыруға басымдық беріледі.

Көктем мезгілінде Мәңгілік ел, Ұлы дала даңғылдары, Ш.Бейсекова, Шарль де Голль, Сәтбаев көшелері көгалдандырылып, жергілікті климатқа бейімделген ағаш түрлері егілді. Жас талдар елордалық жылыжайларда өсіріліп, көктем мен күзде қаланың белгіленген  аймақтарына отырғызылады. Қазір Есіл өзенінің жағасында Ш.Бейсекова көшесінен Көктал елді мекеніне қарай қоғамдық кеңістікті абаттандыру жұмысы жүріп жатыр. Амфи­театр, спорт алаңдары, серуендеу орындары, ойын алаңқайлары да ескеріліп, жайқалған көшеттер бой түзейтін болады.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button