Мәдениет

Фотокөрмеде – ерекше балалар

Астанадағы MEGA Silk Way сауда-ойын-сауық орталығында «Махаббат – ғажайып күш» атты фотокөрме ашылды. Аталмыш шара Даун синдромына шалдыққан балалар мен олардың ата-анасын қолдау мақсатында ұйымдастырылды.

Фотокөрмені ұйымдастырушы «Солнечный мир» қоғамдық қорының жетекшісі Евгения Чеботаревскаяның айтуынша, аталмыш шараны өткізу былтыр жоспарланған. Алайда сол кезде оны өткізетін орын табылмады. Биыл Астана қаласы Есіл ауданы әкімдігі қолдау көрсетті. Бұл фотокөрме бір апта бойы өтеді.

– Кейбір адамдар Даун жұқпалы ауру деп ойлайды. Біз бұл балалардың қоғамның бір мүшесі екенін көрсеткіміз келеді. Фотосуреттерге көз жүгіртсек, отбасында махаббатты сезініп өсіп келе жатқан балалар қалыпты дамитынын байқауға болады. Олардан қорқудың қажеті жоқ. Даун синдромына шалдыққан жас ата-аналар бізге жиі келеді. Олар кейінгі балалары да осындай диаг­нозбен тууы мүмкін деп қорқады. Кейбір фотосуреттерде төрт немесе одан да көп балалы отбасылар көрсетілсе, біреуінде ғана Даун дерті, қалған балалар сау. Бұл генетикалық ауытқудың басқа балаларға таралмайтынын дәлелдейді, – дейді Евгения Чеботаревская.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button