Жаңалықтар

17 млрд теңге үнемделді

Еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілгелі бос лауазымдарға орналасуға үміткерлердің саны артқан. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәселен, жыл басынан бері 160 бос жұмыс орнына 950 өтініш түскен немесе бір бос жұмыс орнына 6 үміткерден келеді. Бұл көрсеткіш өткен 2017 жылмен салыстырғанда жоғары. Бұл ретте үміткерлердің сапалық құрамы да жақсарған. Әкімдіктегі мемлекеттік қызметке шетелдік жоғары оқу орнын тәмамдаған 15 түлек, ал квазимемлекеттік сектор топ-менеджментінен 10 қызметкер қабылданды.
Сонымен қатар мемлекеттік қыз­меткерлер 2018 жылдың сегіз айында шамамен 17 млрд теңге үнемдеген.
«Әкімшілік шығыстарға байла­ныс­­ты қала тұрғындары жақсы біледі, елорда әкімдігі қыркүйек айынан бастап таксопарк қызметіне көшті. Автокөлік сатып алудан бас тартып такси қызметіне жүгіну 5 жыл ішінде шамамен 1,5 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді» дейді Астана әкімі аппарат басшысының орынбасары Руслан Тайген.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button