Елорда тынысы

18 мектеп салынады

Алдағы екі жылда елорданың Нұра ауданында жаңа 18 мектеп пайдалануға беріледі. Нысандардың жалпы жобалық қуаты – бір ауысымда 25 мың орын.

Аудан әкімі Жүсіп Жұмағұловтың айтуынша, құрылысқа арналған учаскелер сарапталды. Орта білім беру орындары аудан дамып, өсіп келе жатқан аумақтарда орналаспақ. Жаңа мектептердің жартысы «Жағалауда», әрқайсысы бір ауысымда 3 мың орындық тағы екеуі «Үркер» тұрғын алабына салынады. Жаңа мектептер үш ауысымдық нысандар мен мектептердің тығыздығы мәселесін шешеді.

«Жайлы мектептер» ұлттық жобасы аясында 9 жаңа мектеп бой көтереді. Бұл – жалпы білім беретін мекемелердің жаңа форматы. Онда зертханалар, шеберханалар, басқа да керек кабинеттер ашылады. Мектептер мемлекеттік, яғни оқу толығымен тегін болады. Қазіргі күнде олардың бірнешеуінің негізі қалануда. Тағы 2 мектеп үлгі форматында болады. Бұл – 900 және 1200 орындық жалпы білім беретін оқу орындары. Білім ордалары келесі жылы ашылмақ. Бұған қоса, №17 мектептің 350 орындық корпусы қолданысқа беріледі. 7 нысанның құрылысын өзгеше оқыту бағдарламаларын ұсынатын жеке компаниялар жүргізбек.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button