Қоғам

«30 игі іс»: алғашқы нәтиже

2021 жылы атап өтілетін ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елордада «30 игі іс» ұранымен әлеуметтік және қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылды. Оның аясында жалғызбасты зейнеткерлер мен ардагерлерге, көпбалалы және мұқтаж отбасыларға, сондай-ақ өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау білдіріп, көмек көрсетті.

Қайырымдылық жарысына әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия қосылып, ресми өкілдері «Ана үйі» қоғамдық қорының аналар үйіне барды. Кездесу барысында бірқатар мәселелер шешілді.

Жобаға белсене қатысқан «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының 500-ге жуық еріктілері жалғызбасты ардагерлер мен зейнеткерлерге ауласынан қар шығарып, отын кіргізіп, ағаш жарып, қолғабыс берді. Көмекке мұқтаж және көпбалалы 100 отбасы, мүмкіндігі шектеулі адамдар, зейнеткерлер, ардагерлер жастарға алғысын білдірді. Әрқайсына шамамен 30 келі азық-түлік салынған себеттерді жеткізіп берді. Сондай-ақ акция аясында жастар қыста коммуналдық қызметкерлері мен қала тұрғындарына елорда көшелерінде ыстық шай мен бауырсақтар таратты.
«Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер қозғалысының тәрбиеленушілері де бұл игі істі қолдады. Олар Қорғаныс минис­трлігінің әскери дәрігерлеріне 30 азық-түлік жиынтығын берді. Іс-шара Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери-патриоттық орталығы мен Magnum сауда орталығының қолдауымен өтті.
Нұр-Сұлтан қаласындағы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі өкілдері №90 мектеп-гимназиясына 30 кітап сыйлады.
«Кітап – баланы дамытатын негізгі құралдардың бірі. Сондықтан мектепке үш тілде жазылған 30 кітап береміз. Алдағы уақытта бұл игі істің жалғасатынына сенімдімін» деп атап өтті «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі директорының орынбасары Жазира Нариманқызы. Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері «Парасат» қайырымдылық орталығымен бірлесе отырып, мұқтаж 50 отбасына азық-түлік себеттерін таратты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button