Sport

Аула клубтары көбейді

Елордада балалар мен жасөспірімдерге арналған аула клубтарының желісі дамып келеді. Бүгінде қалада 23 осындай ұйым бар, онда 2500 оқушы айналысады. Олар үшін 28 спорт секциясы мен 21 шығармашылық үйірме жұмыс істейді.

«Астана Жастары» Жастар ресурсы орталығы 2015 жылдың басынан аула клубтарының қызметіне куратор болып келеді. Сол уақытта қалада 6 аула клубы болса, бүгінде олардың саны 23-ке жетті. 2020 жылы «Ильинка», «Күйгенжар», «Чугунка», «Лесозавод» және «Көктал» тұрғын алаптарында 5 жаңа аула клубы ашылды. 2021 жылы аула клубтарының санын 23-тен 28-ге, ал тәрбиеленушілердің санын 2500-ден 3000-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр» деп аталып өтілді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының мәліметінде.

Айта кетейік, 2020 жылдың 12 ақпанында Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаты «Аула клубтарын жаңғыртудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасын» бекіткен. Оған сәйкес аула клубтары қызметінің басты міндеті – елорданың төрт ауданында халықтың әлеуметтік осал топтарынан тұратын жастарды бұқаралық спортқа, шығармашылық үйірмелерге тарту, өмірлік дағдыларды үйрету арқылы өмір сапасын жақсарту.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button