Саясат

Елді елең еткізген

АҚШ БОСҚЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАМАЙДЫ

АҚШ-қа Мексика арқылы мыңдаған заңсыз босқын бас сауғалап бармақ. Олардың басым бөлігі Орталық Америка елдерінен жетіп отыр.

Осыны тоқтатпақ мақсатында әрі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Пентагон шекараға 7 мыңнан астам жаяу және теңіз күштерінің сарбаздарын орналастыр­ды. Бас сауғалап жеткендердің қатары күн санап артып барады. BBC агенттігі Мехико билігінің мәліметі бойынша 4,5 мың адам болғанын, жақын күндері олардың саны 6 мыңға жетуі мүмкін екенін хабарлады.
Айта кетерлігі, Мексика билігі 3,23 мың бос­қынның ресми түрде пана сұрағанын, қазіргі уақытта 2,7 мың адам уақытша құжат алып, сол арқылы жұмыс істеп жүргенін мәлім етті.

СУПЕРКОМПЬЮТЕР ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Daily Mail басылымы бұрын-соңды болмаған, құны 19,5 млн доллар болатын суперкомпьютер іске қосылғанын хабарлады.

Жаңа құрылғы бір секундта 200 млн жұмыс­ты атқаруға қабілетті. Ал оның әр чипі 100 млн бөлшектен тұрады. Ол адам миының қызметіне ұқсас жұмыс істейді. «Біз қарапайым компьютерді емес, ми қызметіне ұқсас нағыз машинаны дайындап шығардық» дейді профессор Стив Фурбер.
SpiNNaker (Spiking Neural Network Architecture) деп аталатын суперкомпьютердің концепциясын әзірлеу үшін мамандар 20 жыл, сондай-ақ құрастырып шығуға 10 жыл уақытын жұмсапты. Құрастыру­шылардың айтуынша, бұл ең бірінші кезекте адам миының қалай жұмыс істейтінін білу үшін нейробиологтарға қажет.

ҚЫТАЙ  РЕСЕЙДЕН ҚАРУ-ЖАРАҚ АЛАДЫ

Ресей Қытайға қару-жарақ жеткізу жөнінде келісімге келді. Бұл туралы РИА «Новости» агенттігі хабарлады.

– Біз әскери қару-жарақ саласында ҚХР-мен ынтымақтастықта жұмыс істеп келеміз. С-400 және Су-35 жобасынан бөлек, түрлі жобаларымыз бар. Бәрін егжей-тегжейлі айтқым келмейді. Дегенмен жақында жаңадан үш келісімшартқа қол қой­ғанымызды жасыра алмаймын, – деді Ре­сей «Ростехінің» халық­аралық ын­тымақтастық және ай­мақтық саясат жөніндегі директоры Виктор Кладов.
Жаһанға қауіп туды­рарлық қару алған елге АҚШ тарапының санк­ция салатыны белгілі. Ал Ресейдің әскери-­техникалық ынтымақ­тастық жөніндегі федералды қызметінің директоры Дмитрий Шугаев Американың Қытайға еш зияны тимейтінін жеткізді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button