Жаңалықтар

Жастар жобалары таныстырылды

Елордада «Астана жастары – Қазақстанның индустриалдық стратегиялық дамуында» атты қалалық жастар форумы өтті. Астанадағы 36 колледждің студенттері қатысқан бұл жиында іріктеліп алынған 7 әлеуметтік жоба таныс­тырылды.

Сол жұмыстардың ішінде политехникалық колледждің 4-курс студенті Әли Сапарбек ұсынған BookCrossing жобасы бар. Ең алғаш 2001 жылы АҚШ-та пайда болған бұл жоба аясында адамдар бір-бірімен тегін кітап алмасады.
– 2017 жылы политехникалық колледжде BookCrossing іс-шарасын ұйым­дастырдым. Оған 450-дей студент қатысып, 500-ден аса кітап алмастырылды. Сол кезде бұл жобаның жастар арасында сұранысқа ие екеніне көзім жетті. Бұл жерде кітап оқушылардың санын арттыру басты мақсат емес, алдымен оқылған кітап кәдеге жарауы керек, – дейді Ә.Сапарбек.
Сондай-ақ жұртшылыққа таныс­тырылған жұмыстардың қатарында шаруашылыққа тиімді жобалар да болды. Мәселен, «Тұран-Профи» қалалық шаруашылық колледжінің 3-курс студенті Алтынбек Нұрдәулет найзағай сәулесінен қуат алу жобасын жасақтап жатқанын айтты. Оған бұл идея елордадағы ЭКСПО көрмесіндесі волонтерлік тәжірибесі барысында келіпті.
– Қазақстан күннен, желден қуат алатын қондырғыларды өте қымбатқа сатып алады. Неге біз отандық жобаны әзірлемейміз деген сұрақ туындап, ақырында осы жобамды жасап шығардым. Найзағайдың бір рет түсуінен жарты жылға жететін энергия қуатын өндіріп алуға болады. Жобаның тағы бір артықшылығы, ол халықты жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді, – дейді А.Нұрдәулет.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button