Мәдениет

Абай өлеңдері – корей тілінде

Қазақстанның Корея Республикасындағы елшілігінің қолдауымен корей тілінде Абай атамыздың өлеңдері қамтылған «Алтын шаңырақта шырқалған ән» атты кітап жарық көрді.

Кітапқа ұлы ақынның 106 өлеңі мен 2 эпикалық поэмасы енгізілген. Сонымен қатар биыл қаңтар айында жарияланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы берілген. Жинақтың авторы – корей жазушысы Ким Бёнг Хак.
Ким Бёнг Хак 1992 жылы Қазақстанға қоныс аударып, Алматы облысының Үштөбе қаласындағы Корей орталығында жұмыс істеді. Одан ке­йін Абай атындағы
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде корей тілінен сабақ беріп, «Корё Ильбо» газетінің тілшісі, Алматыдағы Корей білім беру орталығының директоры қызметін атқарған.
2016 жылы автор Корея Республикасына қайта оралды. Қазіргі таңда Кванджу қаласындағы ТМД корейлерінің мәдени орталығы жетекшілерінің бірі. Ол бүгінде ТМД-дағы корейлер тарихын зерттеп жүр.
Тағы бір айта кетерлігі, Оңтүстік Кореяда Абай мен әл-Фараби бей­нелері басылған маркалар пайда болды. Елдегі негізгі пошта операторы «Korea Post» алғаш рет Қазақстан маркаларын басып шығарды. Маркалардың дизайны ағылшын тілінде Абайдың 175 және әл-Фарабидің 1150 жылдығы белгілерімен дәйекті стильде жасалған

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button