Ел тынысы

Әлеуметтік журналистикаға арналды

Астанадағы Ұлттық кітапханада Түркітілдес журналистер қоры «Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды. Осы іс-шара аясында елордаға Анталья журналистер одағының төрағасы Идрис Таш бастап келген түркиялық әріптестер қазақ журналистерімен кездесіп, БАҚ саласындағы маңызды тақырыптар бойынша тәжірибесімен бөлісті.

Түркітілдес журналистер қоры мен Дүниежүзілік шетелдік баспасөз ассоциациясы (World Foreign Press Association – WFPA) «Шеврон» компаниясымен бірлесе серіктестікте өткізген іс-шарадағы делегация құрамында «ТРТ» телеарнасының Анталья филиалы басшысы Мухаммед Ахмет Өджал, «Аkdeniz manşet» және «Іleri» газеттерінің қожайыны Мехмет Шифа Чичек, , «ТРТ» телеарнасының продюсері  Хайреддин Дениз, «Анадолы агенттігі» тілшісі Сүлейман Эльчин, «Hürses» газетінің қожайыны Эрсин Айдын, «Кemer sözcü» газетінің қожайыны Ахмет Дуран Йенигүн болды. Қор жанынан құрылған Медиа тренерлер мектебінің мүшесі, Түркиядағы Акдениз университеті Журналистика факультетінің аға оқытушысы Ышыл Түнчел «Дата журналистика» туралы маңызды мәліметтер берді. Медиа тренерлер мектебінің мүшесі, кәсіби журналист, IT саласының маманы Мейіржан Әуелханұлы «Журналистикадағы жасанды интеллект» туралы тәжірибесін ортаға салды. Анталия журналистер одағы делегациясы іскерлік сапар барысында ҚР Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар» қорында,  «Қазақстан» телеарнасында арнайы кездесу ұйымдастырып, отандық телеарнаның бүгінгі жұмысымен және Түркия TRT телеарнасының Қазақстандағы филиалының қызметімен танысты және ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне барды. Бірнеше күнге жалғасқан сапар аясында шетелдік меймандар Еуразия Ұлттық университеті журналистика факультетінің студенттерімен де кездеседі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button