Жаңалықтар

Әйгілі кардиолог тәжірибесімен бөлісті

Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді қалалық аурухананың 30 дәрігері интервенциялық кардиохирургия, жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеуге арналған шеберлік сабағына қатысты.

Кардиологтарға арналған шеберлік сабағын Мюнхен қаласындағы Рехтс дер Изар бірінші медициналық университеті клиникасы және емханасының бас дәрігерінің орынбасары, әлемдегі танымал кардиологтардың бірі, профессор Кристиан Купатт өткізді. Интервенциялық кардио­хирургия, коронарлы күретамырлардағы эндоваскулярлық араласулардың негізгі әдістері, жіті миокард инфарктісі барысындағы қан айналымды қалпына келтірудің эндоваскулярлық әдістері тақырыбындағы шеберлік сабағы бес күн өткізілді. Біліктілікті шыңдау барысында профессор Port Access инновациялық әдісі арқылы ота жасап, науқас жағдайының жақсаруына да себепші болды.

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button