Құқық

Алдын алу маңызды

Елорда тұрғындарымен профилактикалық мақсаттағы әңгімелесу өткізілді.

[smartslider3 slider=1222]

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, ауа райының салқындауымен тұрғын үйлердегі өрт саны бірнеше есеге артады, өрттің негізгі себептері отқа абайсыз қарау, электр аспаптары мен пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу болып табылады.

Осыған орай, Департамент елорданың тұрғын секторында тұрақты түрде профилактикалық рейдтер өткізеді.

– Іс-шара барысында біз тұрғындарға күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін айтамыз. Қала тұрғындарына үйлерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі пункттерді атап өтеміз. Сондай-ақ біз оларға жедел жәрдем телефон нөмірлерін еске саламыз.

Нұр-Сұлтан қаласында жыл басынан бері тұрғын үйлерде 280-нен астам өрт оқиғасы тіркеліп, 9 адам, оның ішінде 2 бала қаза тапқанын қосымша жеткіземіз. Көмірқышқыл газымен уланудан 41 адам зардап шекті, оның ішінде – 29 бала. Адамдардың қаза болуы мен жарақат алуының басты себебі отқа абайсыз қарау, ақаулы пешті пайдалану болып отыр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button