Жаңалықтар

Әлем суретшілері жиналды

Елордада Astana Art Show фестивалі аясында Racing the Galaxy атты халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды. Көрменің ашылуына қала әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов қатысып, жиналғандарды астана күнімен құттықтады.

– Бүгінде елордамыз дәулеті тасып, сәулеті асқан әлемдегі сұлу шаһарлардың біріне айналды. Елбасының стратегиялық көшбасшылығымен Қазақстан қарқынды әлеуметтік-экономикалық даму жолына түсті. Бас қаланы ел дамуы мен гүлденуінің белгісі деп айтуға болады, – деді ол.
Айтулы шараға әлемнің 15 елінен 20 қылқалам шебері келді. Көрмеге Италия, Аргентина, Түркия және отандық суретшілердің туындылары қойылды. Сондай-ақ фестиваль аясында кәсіби қылқалам шеберлерінің шеберлік дәрісі өтті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button