Әлеумет

Алло, «Астана ақшамы»!

Жасұлан КЕНЖЕХАНОВ, елорда тұрғыны:
– Азық-түлік алу үшін базарға тек айына бір рет қана баруға уақыт болады. Өйткені Орталық базары, «Шанхай», «Көк» базарлары – барлығы қала сыртында орналасқандықтан, бізге өте алыс. Алдағы уақытта сол жағалауға жақын маңда базар салына ма?

Бұл сауалға Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Рысгүл Қауғабаеваның газет тілшісіне берген мәліметін ұсынамыз.
– Қазіргі уақытта Сарыарқа ауданындағы Шыңғыс Айтматов көшесі мен 189-көшенің қиылысындағы жер учаскесінде жаңа форматтағы гастрономиялық базар салынып жатыр. Бұл базардың басқалардан ерекшелігі – сатып алған азық-түлік өнімдерінен сол жерде-ақ кез келген тағамды дайын­датып, тамақтануға да барлық жағдай қарастырылады. Мәскеулік «Данилов» базарының принципімен жұмыс істейтін жаңа форматтағы базарға келушілерге үздік ауыл шаруашылығы өнімдері мен әлемнің түкпір-түкпірінен әкелінетін деликатестер ұсынылып, түрлі жәрмеңкелер, гастрономиялық фестивальдер мен белгілі бас аспаздардың шеберлік сабақтары жиі өткізілетін болады. Жаңа базар жоспар бо­йынша келер жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button