Sport

«Алтын тұлпар» аймақта өтті

Жыл сайын елорда төрінде өтетін «Алтын тұлпар» турнирі биыл алғаш рет аймақта өткізілді. Бұл жолы ұлттық спорттың бәсекесі Атыраудың төсін бір дүбірлетті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдас­тығы мен Атырау облысы әкімдігі және Ұлттық спорт қауымдастығының Атырау облыстық филиалының ұйым­дастыруымен бесінші мәрте ұйымдастырылған 51 шақырымдық аламан жа­рыста он екі өңірдің қырыққа жуық жүйрігі бақ сынады. Nur Otan партиясы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткен бәйгенің бас жүлдесі 10 млн теңге болды. Ал 9 атқа жүлде берген са­йыстың жалпы жүлде қоры 22 млн теңгені құрады.
2017 жылғы «Алтын тұлпарда» Тараздың тұлпары «Самалдан» арқан бойы артта келіп, екінші орынды иеленген Жетісудың жүйрігі «Қоянқасқаны» арада екі жыл өткенде иелері Қызылорда облысы атынан «Алтын тұлпарға» тағы да баптап қос­ты. «Қоянқасқа» сәйгүлік бұл жолы нағыз бабында екен. Ат иесі Бердібек Махановтың айтуынша, бұл жарысқа жүйрікті бір ай бойы Атырауда арнайы баптаған екен. Ат бапкерінің еңбегі ақталып, «Қоянқасқа» жарыс жолына шыққан қырыққа жуық сәйгүліктен алды болып, 10 миллион теңгелік бас бәйгені олжалап қайтты. Екінші орынды Жамбыл облысынан келген Жасұлан Әбдібеков­тің «Шымшық» атты жеті жастағы будан торы биесі иеленіп, 5 миллион теңгелік жүлдеге кенелді. Мәре сызығын үшінші болып тағы бір жамбылдық атбегі Елдос Сұлтанбеков­тің «Дос» атты сәйгүлігі кесіп өтіп, 2 млн 500 мың теңге олжа алды.
Сонымен қатар, «Алтын тұлпар – Жайық жағасында» аламан бәйгесінде та­ғы да алты тұлпарға қар­жылай сыйлық берілді.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button