Басты ақпарат

Апатты ғимараттар тізіміне қосылды

Кеше елорда әкімі Алтай Көлгінов Сарыарқа ауданындағы Ы.Дүкенұлы көшесі, 21 мекенжайында орналасқан үйдің тұрғындарымен кездесті.

«Бес қабатты жатақхана 1966 жылы салынған. Онда шамамен 170 бөлме бар, 600-ге жуық адам тұрады. Тұрғындарда электр, су, кәрізге қатысты мәселелер туындаған. Сонымен бірге ғимарат іші суық, бұл денсаулыққа, әсіресе балалар мен жасы келген кісілерге қиын. Үйге техникалық тексеру жүргізу кезінде оның 60 пайыздан астамы тозғаны анықталып, ғимарат апатты деп танылып, тізімге қосылды» деп жазды елорда басшысы өзінің Instagram парақшасында.
Сондай-ақ тұрғындармен кездесуде тізімге осыдан 90 жыл бұрын салынған апатты үйлер де енгізілді. Жыл соңына дейін тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында жөнделген көппәтерлі тұрғын үйдің жалпы саны 50-ден асса, 100-ге жуық жеделсаты жөнделіп, ауыстырылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button