Жаңалықтар

Онлайн-қабылдау төрт есе өсті

Жыл басынан бері азаматтарды қабылдау апта сайын жүргізіліп, қабылданған адамдардың саны артуда. Әсіресе онлайн-қабылдауларды өткізу төрт есе өскен. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды.

«Онлайн-қабылдауда 10-нан астам отбасын қабылдадым. Егер бір отбасы мүшесінің мәселесі шешілсе, демек барлық отбасы мүшелерінің мәселесі шешіледі. Онлайн-қабылдауларды өткізу төрт есе артты. Жыл басынан бері азаматтарды апта сайын қабылдап келеміз, қабылданған адамдардың саны артып жатыр. Негізгі мәселелер тұрғын үй, білім беру, әлеуметтік көмек, жұмысқа орналасу және т.б. мәселелерге қатысты» деп жазды А.Көлгінов.
«Бір терезе» қағидаты бойынша қала тұрғындарына 70-тен астам мемлекеттік қызмет, оның ішінде әлеуметтік көмек көрсететін «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының мысалы бойынша өткен айда тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық ашылды. Онда тұрғын үй кезегінің нөмірі, кезекке қалай тұру керектігі, түрлі тұрғын үй бағдарламаларының тетіктері және т.б. туралы білуге болады.
«Білім саласына келетін болсақ, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарынан шыққан балаларға бөлінетін гранттар санын айтарлықтай кеңейттік. Жұмыспен қамту орталығы жұмысқа орналасуға көмектеседі. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша биыл 15 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Бұл шаралардың барлығы жалғасады. Азаматтардың қабылдауларында көтерілген мәселелердің бір бөлігі бірден шешімін табады, қалғандары жоспарға алынады» дейді елорда әкімі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button