Жаңалықтар

Мемлекеттік ту – мақтанышымыз

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Мемлекеттік туды пайдалану туралы заңнамаға қандай өзгерістер енгенін мәлім етті.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Мемлекеттік туды пайдалануға қатыс­ты мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау тапсырмасын орындау аясында ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 27 қарашадағы №801 қаулысымен ҚР Мемлекеттік туын, елтаңбасын және олардың бейнелерін, Мемлекеттік гимн­нің мәтінін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер арқылы азаматтарымыз үшін Мемлекеттік туды пайдалану аясы заңнамалық тұрғыда кеңейтілді.

Ең алдымен ҚР Мемлекеттік туын жеке және заңды тұлғалар ғимараттарда, оның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарда патриоттық сезімдерін, қазақстандық бірегейлігін білдіру үшін, ел азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында пайдалана алады. Сонымен қатар жеке тұлғаларға осы қағидаларға енгізілген өзгерістерге сәйкес, ҚР Мемлекеттік туын бір қабатты немесе көп қабатты ғимараттарда экстерьерлі нұсқада орналастыру кезінде ғимараттың сәулет ерекшеліктеріне қарамастан пайдалану мүмкіндігі берілді. Бұдан былай жеке тұлғалар ғимараттарда орналастырылатын Мемлекеттік туды қараңғы уақытта жарық құралдарын қолданбай-ақ пайдалана алады.
Сонымен бірге Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыс әкімдіктері жыл сайын қазақстандықтар арасында мемлекеттік рәміздерді дәріптеу және патриотизмге тәрбиелеу мақсатында «Менің туым, менің Отаным!» шарасын өткізетін болады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button