Қоғам

Түйткілді проблемалы отбасылар тексерілді

Нұр-Сұлтан қаласында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық шарасы аясында іс-шаралар өтуде.

– Тұрмыстық құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды, қолайсыз отбасыларды тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда бізде есепте тұрған 463 отбасы тексерілді. Соның ішінде 342 адамға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған болатын. Бұл адамдарды учаскелік полиция инспекторлары тұрғылықты мекенжайына барып тексерді. Сондай-ақ бейнебайланыс арқылы да тексеру жүргізілді. Сонымен қатар сотпен жүріс-тұрысына ерекше талап қойылған 70 адам тексерілді, – деді қалалық Полиция департаменті Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің аға инспекторы Гүлмира Шырахметова. Акция 10 желтоқсанға дейін жалғасады.

Бұдан бөлек, акция аясында елордалық полиция департаменті мүдделі мемлекеттік органдармен, ҮЕҰ өкілдерімен, жұртшылықты және БАҚ өкілдерін тарта отырып «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында дөңгелек үстел өткізді. Оған Zoom платформасы арқылы да тұрғындар қатысты. Сонымен қатар акция аясында «Үміт» дағдарыс орталығына, «Аналар үйіне» барып, ондағы қызмет алушыларға психологиялық тренингтер өткізді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button