Басты ақпарат

Еріктілердің ерік-жігері

Биыл Қазақстан Президенті ­Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Еріктілер жылы деп жариялады. Қазірде елімізде 50 мың белсенді азаматы бар 200 волонтерлік ұйым жұмыс істейді. Ал Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» мекемесінде 5 мыңнан аса ерікті қайырымдылықпен айналысады.

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері «30 игі іс» акциясы ­аясында мұқтаж және көпбалалы 100 отбасы мен зейнеткерлерге азық-түлік таратты. Бұл іс-шараны жоғарыда аталған орталықтың қолдауымен Жастар саясаты мәселелері басқармасы, Алматы ауданы әкімдігі және «Отбасы мектебі» қоры ұйымдастырды.

Акцияға 60-тан астам еріктілер қатысты. Азық-түлікті жеткізуді «Астана жастары» еріктілері, авто және медиа еріктілері, қалалық еріктілер штабының өкілдері, сондай-ақ көмектесуге ниет білдірген жандар жүзеге асырды. Іс-шара барлық санитарлық нормаларға сәйкес өтті.
«Мұндай акциялар бірінші рет өткізіліп отырған жоқ. Қолдау көрсету және мұқтаж адамдардың қандай да бір жағдайда жалғыз­дық сезінбеуін қамтамасыз ету – біздің қолымызда. Еріктілер үшін ел ризашылығынан артық сый жоқ» деді «Астана жастары» басшысының орынбасары Аян Ерментаев.

 

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button