Басты ақпарат

Арал тағдыры алаңдатады

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев кеше Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының отырысына қатысты.

Мемлекет басшысы саммиттің Халықаралық Аралды құтқару қорының 25 жылдығы қарсаңында өтуінің символдық мәні зор екенін айтып, осы жалпыөңірлік маңызды басқосу алаңының алғашқы күндерінен бастап мұнда Арал теңізі мен Арал аймағының күрделі әлеуметтік-экономикалық, су шаруашылығы және экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған жұмыстардың атқарылып жатқанын атап өтті.
– Аралды құтқару қоры халықаралық деңгейде белсенді жұмыс жүргізуде. Соның арқасында Арал өңіріне әлемдік қоғамдастық пен халықаралық қаржы институттары тарапынан айтарлықтай көмек көрсетіліп келеді. Біздің бірлесе жұмыс істегеніміздің арқасында бұл қор Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие болды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті Орталық Азиядағы трансшекаралық су ресурстары өңірдегі халықтардың ортақ игілігі екеніне тоқталды, сондай-ақ осы аймақтағы мемлекеттердің барлығы тиімді шешімдер іздестіріп, оңтайлы идеялар мен нақты жобалар ұсынып жатқанын айтты.
Елбасы бірлескен іс-қимылдың арқасында қол жеткізілген оң нәтижелерге арнайы тоқталды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button