Жаңалықтар

Жүздеген баланы киіндірді

«Әзірет Сұлтан» мешіті соңғы жылдары құлшылық орнына ғана емес, қайырымдылық ордасына да айналып отыр. Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт жылдағы үрдіс бойынша биыл да «Бір баланы киіндір!» шарасын ұйымдастырып, жағдайы төмен отбасыларға жәрдем берді.

Игі шара мешіт ашылған жылдан бастап өткізіліп келеді. Биыл 320 оқушыға мектеп формасына қажет қаржы мен құрал-жабдық толы сөмке тарту етілді. Оған жалпылай алғанда 5 млн теңге жұмсалды. Өз кезегінде «Уақып» қайырымдылық қоры да бұл шарадан шет қалмай қосымша 100 сөмке сыйлады.
Қайырымдылық шарасы иісі мұсылман үшін қасиетті саналатын жұма күніне тұспа-тұс ұйымдастырылды. Оған ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бен «Уақып» қорының президенті Қайрат Айтбай қатысып, сыйлықтарды табыстады.

Аян ӘБДУӘЛИ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button