Жаңалықтар

Армандар орындалатын қала

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов құрылыс саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

«Қаламыздағы әлеуметтік үйлер, мектептер, ауруханалар, жолдар, саябақтар мен аулалар құрылысшылардың еңбегімен салынды. Құрылыс саласы қызметкерлерінің күнделікті қажырлы еңбегінің арқасында қаламыз өсіп, одан әрі көркейіп келеді. Олар күндіз-түні, аязда да, ыстықта да жұмыс істейді. Елорданың авторы және бас сәулетшісі – Елбасы. Тұңғыш Президенттің астананы көшіру туралы шешімі – прагматизм мен көрегендіктің үлгісі. Құрылысшылар 300 мың халқы бар шағын қаланы қарқынды өсіп келе жатқан астанаға айналдырды. Қала тұрғындарының саны төрт есе өсті. Барша құрылыс саласының қыз­меткерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Сіздерге зор денсау­лық, бақыт және табыс тілеймін!» деп жазды А.Көлгінов Instagram ­парақшасында.
Елордамыз құрылыс секторында көшбасшы болып қала береді. Қалада жыл сайын миллиондаған шаршы метр тұрғын үй, әлеуметтік нысандар салынып жатыр. Нұр-Сұлтан – армандар орындалатын қала. Мемлекет басшысы елорданың дамуына ерекше көңіл бөледі. Президенттің тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй құрылысының көлемі үш есе артты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button