Тағзым

Ашаршылыққа баға берілсе…

 Сенатор Мұрат Бақтияр­ұлы саяси қуғын-сүргіндердің қасіретіне және ашаршылық құрбандарына Үкімет деңгейінде ресми құқықтық баға беретін шешім шығару қажеттігін мәлімдеді. 

Халықшыл депутат ашаршылықтың құрбаны болған отандастарымыздың ортақ тізімін жасап, ғылыми-зерттеу орталығын құруды ұсынды. Оның пайымдауынша, зобалаң жылдардың қайғы-қасіреті мен салдарын әлі де кеңінен айтып, БАҚ-тар мен кино арқылы жас ұрпақтың санасына сіңіру – бәріміздің міндетіміз.
Ол 1930-33 жылдары атақонысында тұратын қазақ халқы тең жартысынан айырылғанына, мұндай аса ауыр қасіретті бірде-бір халық бастан өткермегеніне тоқталды. Алапат зұлмат қазақ ұлтының өсімін кем дегенде 100 жылға кейін шегеріп тастағанын тілге тиек етті. «Айта кетерлігі, мұндай ашаршылық Қазақстанда тұ­ратын басқа ұлттарға да қасірет әкелді. Мысалы, қазақ­­стандық ұйғырлардың 13 пайызы, украиндар мен не­міс­­­тердің 11 пайызы, татарлардың 10 пайызы, өзбектердің 8 пайызы, орыстардың 6 па­йызы ашаршылыққа ұшырады. Қазір демограф мамандар қолдан жасалған осы ашаршылық болмаса, қа­зіргі кезде біздің халқымыз­дың саны 45 миллионға жетуі мүмкін екенін дәлелдеп жүр» деді депутат Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың атына жол­даған сауалында. Депутат ашаршылық тарихы мен оның зардабын өзге бір халықтан кек алу үшін саяси ойын құралына айналдыруға болмайды деп санайды.

Тағыда

Төлен Тілеубай

«Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button