Басты ақпарат

Ашық пікір алмасқан кездесу

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Алматы ауданының тұрғындарымен «Ашық микрофон» форматында кездесті. Азаматтар көкейде жүрген сұрақтарын қойды. Кездесуде 200-ге жуық сұрақ қойылыпты.Олардың қатарына ауданның елді мекендерін дамыту, мектептер, балабақшалар, медициналық орталықтар салу, жарықтандыру, аумақтарды абаттандыру, газдандыру, қоғамдық көлік жұмысы, тұрғын үй және т. б. бар. Сондай-ақ Алматы ауданының халқы тұрғын үй бағдарламаларына қатысу бойынша бірқатар мәселелерді көтерді.
2019 жылдың қорытындысы бойынша, елордада 3,5 мың қолжетімді баспана берілді. «Тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету – біз үшін басты міндеттердің бірі. Жұмысты бірнеше бағыт бойынша жүргізіп жатырмыз. Бірінші бағыт – тұрғын үй алу үшін жеңілдікпен несиелеуді және жалға берілетін пәтерлерді қамтиды. Пәтерлер халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына, яғни жетім балаларға, толық емес отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына, көпбалалы отбасыларға берілді. Ол бойынша 2,5 мың адам баспаналы болды. Екінші бағыт бойынша жұмыс істейтін жастарға 1050 пәтер жалға берілді (5 жылдық мерзімге). Бұл бағдарламаны келесі жылы да жалғастырамыз. Үшінші бағыт бойынша «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 700-ге жуық несие бөлінді. Төртінші бағыт бойынша 1 млн теңгелік тұрғын үй сертификаттары табыс етілді. Сонымен қатар отбасыларды елордадан өңірлерге көшіру бағдарламасы да бар. Мемлекет басшысы келесі жылдан бастап қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемін 3 есеге арттыруды тапсырды. Айта кету қажет, жалға берілген тұрғын үйді 5 жылдан кейін босату қажет етілмейді. Бұл сіздің үйіңіз, балаларыңызға қалады» деді қала әкімі Алтай Көлгінов.
Сонымен қатар, апатты және ескі үйлердің тұрғындарын көшіру жұмыстары жалғасып жатыр. Мысалы, 70 адам 1952 жылы салынған барак үлгісіндегі апаттық үйден жаңа үйлерге көшірілді. Мұ­най базаларына жақын орна­ласқан 39 разъезде (Бай­қоңыр ауданы) 27 үйдің жиырма тұрғыны пәтер алды. Бар­лық тұрғын үй бағыттары бойын­ша жұмыстар жүйелі негізде жүргізіліп жатыр.
Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаланың барлық төрт ауданының тұрғындарымен кездесті. «Ашық микрофон» форматындағы кездесулер тұрақты өткізіледі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button