Астана қаласында 2012 жылғы «Үздік пациент» байқауы қорытындыланды
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінде халықтың дәрілік заттар туралы ақпараттық деңгейін арттыру бойынша әрекет ету тетіктерін әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы өз қызметін атқаруда. Талқылау барысында халықтың дәрілік сауаттылық деңгейін арттыру тетіктері бойынша басым бағыттары айқындалып, дәрілік заттарды рецептік босату мен пациенттердің дәрі-дәрмек көмегін алу кезіндегі жауапкершілігі мәселелері қаралды. Негізгі мақсатты топтар анықталып, әрбір топқа бейімделген тиімді шаралар әзірленді. Азаматтардың өзін-өзі емдеу жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ дәрілік заттарды пайдаланудағы білімдерін жақсартуға бағытталған іс-шаралар – ақпараттық-білім беру, ынталандыру және реттеуші тетіктер болып бөлінген.
Осы орайда Астана қаласының МСАК медицина ұйымдары Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен және Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығымен бірлесіп «2012 жылғы үздік пациент» байқауын өткізді. Аталған байқаудың мақсаты – өз денсаулығына деген жауапкершілікті одан әрі арттырудың және дәрілік заттарды дұрыс пайдаланудың уәжі. Іріктеу диспансерлік есепте тұрған пациенттердің арасында жүргізілді. «Үздік пациент» атағына іріктеу критерийлері өз денсаулығына жауапкершілік, дәрігердің барлық тағайындаулары мен ұсыныстарын орындау, тамақтану мен диета режимін сақтау, жағымсыз әдеттердің жоқтығы, базалық препараттарды тұрақты қабылдау, қандағы қанттың, холестериннің, триглицеридтердің деңгейінің төмендеуі, жыл бойы негізгі аурудан болатын асқынулардың жоқтығы, қаралуға және тексеріліп-қаралуға тұрақты келіп тұруы болып табылады.
Осылайша, байқаудың жеңімпаздары болып Нисенко Лидия Григорьевна (№1 ҚЕ), Күлән Мұсылманбекқызы Оспанова (№2 ҚЕ), Ақмарал Аманжолқызы Түскен (№3 ҚЕ), Пак Алексей Панесекович (№4 ҚЕ), Маковский Валерий Александрович (№5 ҚЕ), Щебет Нина Ивановна (№6 ҚЕ), Әбдірахаман Сатыбай Қажымұратұлы (№8 ҚЕ), Востриков Н.Я. (теміржол емханасы), Әсел Жанболатқызы Дүйсебаева («Демеу» ОДА) талқыланды.
Үздіктердің өз денсаулығына деген жауапкершілігі олардың күнделікті өмірінен бастау алады. Мысалы Лидия Григорьевна өмірлік ұстанымын «ұзақ өмір сүргің келсе, өмірге деген құштарлығыңды және басқаларға деген қамқорлығыңды сақтай біл» деген мағыналы сөздермен айқындайды. Алексей Панесекович темекі шегуді қойды. Валерий Александрович № 5 емхананың қоғамдық өміріне белсенді араласады және «Артериалды гипертензия» мектебіне барады. Нина Ивановна күнде таң ертең жаяу сереуендеуді ұнатады, тамақтану бойынша ұсыныстарды сақтайды және 6 келі арықтаған. Сатыбай Қажымұратұлы өзінің 71 жасында бассейнде жүзіп, алыс қашықтықтарға жиі жаяу жүреді, № 8 емханадағы «Белсенді ұзақ өмір» клубына қатысады. Ақмарал Түскен – астаналық ЖОО-ның студенті. Өзінің қауіпті ауруына қарамастан, денсаулығына үлкен жауапкершілікпен қарайды және тек жақсылыққа ғана үміт артады.
«Үздік пациент» байқауының барлық жеңімпаздарына естелік сыйлықтар мен гүлдер табыс етіліп, арнайы қабырға газеттері шығарылды.
ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы байқаудың барлық жеңімпаздарын құттықтайды және барлық қазақстандықтарға зор денсаулық, ұзақ өмір және жетістіктер тілейді. Аталған іс-шара барлық денсаулық сақтау саласы мен өз денсаулығына жауапкершілікпен қарайтын азаматтар үшін өте маңызды болды. Бұл келелі іс жыл сайын жалғаспақ.
2011 жылдан бастап Дәрі-дәрмек апараттық-талдау орталығының халыққа арналған бірыңғай телефон желісі жұмыс істейді – 8 800 080 88 87. Қазақстан шегінде әрбір стационарлық телефоннан келіп түскен қоңырау тегін. Әрбір адам дәрілік препараттар туралы және медициналық көмектің кепілденген көлемі шеңберінде тегін дәрі-дәрмек алуға құқықтары жайлы, препараттардың тиімділігі мен кері жанама әсерлердің мүмкіндіктері туралы толық ақпаратты ала алады.
2012 жылы тұрғындардан 22 450 сауал келіп түскен. Хабарласқан тұрғындардың 51%-ын дәрілік препараттарды қолдану мәселесі қызықтырады. Препараттардың құны, қай жерден сатып алу керек жөніндегі сұрақтар, емделу, нормативтік-құқықтық актілер жөніндегі сұрақтар 21%-ды құрайды. Ал, тегін медициналық көмектің кепілденген көлемі шеңберіндегі азаматтардың құқықтары бойынша түскен сауалдар үлесі – 11%, препараттарды ауыстыру мәселелері бойынша – 9%, дәлелді медицина бойынша – 8%.
Осындай деректер азаматтардың өз денсаулығына деген жауапкершілігінің артқанын дәлелдейді. Сондай-ақ дәрігер жазып берген ережелерді сақтап, өз құқықтарын білуге деген ынтасының артуы деп білеміз.
Өздеріңізді сақтаңыздар және дендеріңіз сау болсын!
Медицина қызметкерлеріне арналған қосымша ақпарат
Лицензиялау үрдісін автоматтандыру және лицензиар-мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастықпен өзара ақпараттық әрекеттесудегі тиімді, айқын механизмін қамтамасыз ету мақсатында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментімен (бұдан әрі – Департамент) бірлесіп «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы пайдалануға берілді.
Лицензияларды беру және осыған қосымша, телқұжатты (көшірмесін) және лицензияны және/немесе осыған қосымшаны қайта рәсімдеу «Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер базасы ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЕЛ МДБ АЖ) жасалады.
Бұл кәсіпкерлік қызмет және та-уарларды әкелу/әкету салалаларындағы мәліметтерді автоматты түрде жинау (енгізу), өңдеу, өзектендіру, сақтау және талдауға арналған ақпараттық жүйе. Оның негізгі функциялары – ҚР-да берілген, уақытша тоқтатылған және қайтарылып алынған лицензияларды беруге бірыңғай есепке алу және лицензияларды, есептер мен лицензиялардың болуы туралы деректерді тексеру үшін өтініштерді беру үрдісін автоматтандыру.
Өмірдің қарқынды қадамдары мен халықтың жоғары деңгейде жұмысты болуын ескерсек, бүгінгі күні электрондық қызметтердің осы түрін көрсету өзекті мәселе болып тұр. Интернетке рұқсат бағалары ұдайы төмендеп жатқаны осы жүйе арқылы қызмет алу халықтың ақпараттық сауаттылығын көтеруге ықпал етеді. Бұл осы сияқты шешімдерді web-технологиялар базасында енгізіп, тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Осындай қызметті енгізу мемлекеттік лицензияларды алу үрдісін қарапайым және жылдам етіп қана қоймай, азаматтардың өкілетті органдардың қызметкерлерімен жеке қарым-қатынастарын жоққа шығарылу арқылы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеудің бірден-бір шешімі. Оған қоса, web-порталда нормативті-құқықтық құжаттар мен түрлі нұсқаулықтарды жариялау жүйесі азаматтарға лицензияны алу тәртібін жеткізіп, дұрыс емес немесе толық қалыптастырылмаған өтініштерді жоққа шығаруды және әкімшілік кедергілер деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.
«Е-лицензиялау» жобасы шеңберінде республикалық көлемде немесе қолданыстағыларды интеграциялау арқылы мемлекеттік лицензияларды беретін өкілетті министрліктердің, ведомстволардың (аумақтық бөлімшелерді қоса), жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ лицензиялау саласындағы бақылауды жүзеге асыру үшін бизнес үрдістерді автоматтандырумен сипатталатын АЖ жасалады.
Қазіргі уақытта Департамент өтініштерді қағаз таратушыларда да, электронды түрде де қабылдайды. Лицензия алуға талаптанған ұйымдар құжаттардың толық пакетін (нотариаус растаған жарғы құжаттары, біліктілік талаптарға сәйкестілігін растайтын қағаздарын) ұсынуы қажет. Өтінішті «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы сканерден өткізілген құжаттарды қоса беріп тапсыруға болады. Лицензиат бар-код түсірілген, Директордың электронды-сандық қолымен расталған электрондық лицензияны ала алады.
Жаңа қызметтің ыңғайлылығы әлеуетті лицензиат портал арқылы оның өтінішін қарау деңгейі туралы: кеңсеге түсті ме, төрағаның алдында жатыр ма, лицензиялау бөлімінің сарапшылары қарап жатыр ма, әлде лицензия беру туралы (беруден бас тарту) туралы шешім қабылданды ма – осылар туралы кез келген уақытта біле алады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы №155/229 хатына сәйкес ҚР премьер-министрінің тапсырысы шеңберінде лицензиялау саласында қызметтерді баламасыз жолмен электронды форматта көрсету және мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша бизнес үрдістерді оңтайландыру үшін жоғарыда көрсетілген іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр.
ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК
Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы
Жұмыс күндері Астана уақыты бойынша сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қоңырау шалыңыздар – 8 800 080 88 87 (қоңырау шалу тегін).
Толық ақпарат www.druginfo.kz сайтында