Sport

«Астана қыраны» – Айбат Сейтен

Қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турнирінде елорданың намысын қорғайтын балуандар анықталды. Аймақтың беткеұстарын іріктейтін белдесуде бабы мен бағы келіскен Айбат Сейтен «Астана қыраны» атанды.

«Дәулет» спорт кешенінде өткен Түйе палуан сайысында сайдың сақпан тасындай 23 апайтөс жігіт төбе көрсетті. Солардың ішінен суырылып шыққан Айбат Сейтен мен Айтуар Абдулов финалда күш сынасты. Нәтижесінде «Астана қыраны» атағына Айбат лайық болды.
Сонымен бірге соңғы сайысқа дейін жауырыны жерге тимей жеткен Айтуарға да «Қазақстан барысына» қатысуға жолдама бұйырды.
Ал үздік үштікті Ерлан Алшынбаев түйіндеді.
Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов жеңімпаздарды жеңісімен құттықтап, жүлделерін табыстады.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button