Басты ақпарат

Астана – спорт қаласы

Ертең елімізде спорт күні аталып өтіледі. Осы мереке қарсаңында Астана қаласының әкімдігі елордалық спортшы қауымына құрмет көрсетті. Салтанатты жиын барысында елорда әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев астаналық спортшылардың, бапкерлердің, мамандардың еңбегіне баға беріп, бірқатар азаматтарға арнайы төсбелгілер табыс етті.

Спорт саласы қызметкерлерін құр­­меттеу шарасында Астана қаласы Мәдениет және спорт бас­­­­қармасының басшысы Болат Мажа­­­ғұлов та елордалық спортшы мамандарды төл мерекелерімен құттықтап, қала тұрғындарының бұқаралық спортпен айналысуына елеулі еңбек сіңіріп жүрген ма­мандарға, жаттықтырушылар қауы­мына, елдің абыройы үшін сын­ға түсіп жүрген спортшыларға табыс тіледі. «Сіздердің жетістіктеріңіз елордамыздың мерейін өсіреді. Астана спортшыларының республикалық және халықаралық жарыстардағы жеңістері шын мәнінде мақтануға тұрады. Алдағы уақытта да аста­на­лық мәртебеге сай биік тұғыр­лар­дан көріне берулеріңе тілек­теспіз» деді басқарма басшысы.

Салтанатты жиын соңында бір топ спорт ардагерлеріне, спортшыларға, мекеме басшыларына, бапкерлер мен кәсіби мамандарға «Сергектік пен денсаулық» және «Шынығуды жетілдіру» төсбелгілері, «Алғыс хат» салтанатты жағдайда табыс етілді. Мерейі өскендер арасында Николай Дрютов, Самат Қабдулин, Азамат Иманбаев, Айдын Тоқбаев, Қуат Тілегенов, Азамат Имашев, Ирина Щетинина, Азамат Хамзин, Анастасия Бибикова және басқа да елорда спортын дамытуға үлкен үлес қосып жүрген мамандар болды.
– Спортшылар қауымының ең­бегін бағалап, осындай құрмет білдіріп отырған Астана қаласының әкімдігіне алғыс айтқым келеді. Ауыз толтырып айтатын жетістіктеріміз жетеді. Алдағы уақытта елорда спортын дамытуға байланысты көптеген жұмыстар атқарылуы керек. Осы орайда әріптестеріме жемісті ең­бек, жеңісті сәттер тілеймін, – деді Қазақ­станның еңбек сіңірген жаттық­тырушысы, спорт ардагері Николай Дрютов.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button