Жаңалықтар

Салық кодексі өзгерді

Кеше бизнес қауымдастығының өкілдері мен Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Ұлттық экономика министрлігінің, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының, «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы мен әкімдікке қарасты басқа да ұйымдардың өкілдері бас қосты.

Жиын барысында «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының салық салу ереже­лерінің ерекшеліктері мен артық­шылықтарына және олардың қолданылуына, сондай-ақ заңнамаға енгізілген өзгертулерге қатысты Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасының нормалары сөз болды. Сонымен қатар жиында кедендік рәсімге қатысты өзгеріске енген жаңа ережелер түсіндіріліп, арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының мәселелері талқыланды. Өз кезегінде ҚР Қар­жы министрлігі Мемлекеттік кіріс­тер комитеті Кедендік әдіснама де­партаментінің кедендік рәсім және әдіснама басқармасы басшысының орынбасары Таңатар Серғазиев кеден бекетінен өткізілетін тауар тасымалына қатысты өзгерістер туралы айтты.
Мамандардың айтуынша, жаңа салық кодексіндегі өзгерістерді түсінбей, салық төлеуші тарапынан қателік кетсе, Мемлекеттік кірістер комитетіне хат жолдауға болады. Мұндай жағдайды мамандар тексерген соң, қосылған өсімпұл мен айыппұлды алып тастайтын көрінеді.
Айта кету керек, енгізілген өзге­рістерге келіспегендер де салық органдарына хабарласа алады. Жаңа кодекстің ерекшелігі – әр ұйым өзіне қажетті ақпаратты соған қатысты тарауға кіріп, өзіне қажетті мәліметті ғана алуына болады. Жалпы, аталмыш заңнама 25 бапқа қысқартылыпты. Мысалы, бұрынғы салық кодексінде 798 бап болса, қазір ол 773-ке азайған.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button