ӘлеуметЖаңалықтар

АСТАНАДА АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ КҮНДЕРІ ӨТЕДІ

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қуатты өңір –  қуатты Қазақстан» бағдарламасының аясында қазанның 29-30 жұлдыздарында Астанада Ақмола облысының күндері өтеді. Осы аптаның аяғында елорда тұрғындары мен қонақтары Астанамен іргелес аймақтың ерекшеліктерімен танысып, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып ала алады. Сондай-ақ, облыстан келетін мәдени ошақтардың қойылымдары мен көрмелерін тамашалайды.

????????????????????????????????????

Алдағы сенбі-жексенбі күндері «Хан шатыр» сауда-ойын-сауық орталығының алаңында Ақмола облысының 19 ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен кәсіпорындарының және «Есіл ӘКК» ҰК АҚ-ның қатысуымен жәрмеңке өтеді. Елордаға 60-тан астам өнім атаулары жеткізіледі. Соның ішінде көрші елдерге экспортқа жіберілетін 605,2 тонна ет және шұжық өнімдері, 46,2 тонна сүт өнімдері, 218 тонна көкөніс, 19,0 тонна балық пен балық өнімдері, 403,2 мың дана жұмыртқа, 200,0 тонна картоп, 45 мың литр өсімдік майы және тағы басқа да тауарлар бар.

Жәрмеңкеде бауырсақ, айран, қымыз тегін таратылып, асық ату, ауыр тасу, армреслинг, тоғызқұмалақ, арқан тарту, «Қой шешу» және басқа ойындар ұйымдастырылып, аңшы құстар, тазы мен төбет тұқымдарының көрмесі өтеді.

Сағат 16.00-ден бастап жастар арасында танымал үздік жайдарман топтары мәдени бағдарлама ұсынады.

29 қазанда сағат 19-00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік аакадемиялық қазақ музыкалық драма театрында М. Шахановтың «Шыңғысхан» қойылымы қойылады.

Бейбітшілік және келісім сарайында ақын, драматург, жазушы Құдайберлі Мырзабектің шығармашылық кеші мен ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық саладағы жетістіктер көрмесі өтеді. 30 қазанда облыс әкімі С. Кулагин аймақ дамуына үлес қосқан еңбек ардагерлерімен кездеседі.

30 қазанда сағат 16.00-де Бейбітшілік және келісім сарайының опера залында Ақмола облыстық филармониясының «Жер жұмағы – Көкшетау, ел тұмары – Астана» атты концерттік бағдарламасы мен сағат 18.30-да М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Ш. Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театрының Т. Ахметовтың «Шәкәрім» спектаклі қойылады.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button